11
сентябрь
2023
Аманбаева Гулжанат Мержакуповна
Аманбаева Гулжанат МержакуповнаӨМІРБАЯН
Аманбаева Гулжанат Мержакуповна, 1966 жылы 10 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келдім.
1974 жылы Зайсан ауданы, Жаңатұрмыс ауылында 1 сыныпқа қабылдандым, 1978 жылы Зайсан қаласындағы мектеп-интернатына ауыстым.
1984 жылы 10 сыныпты бітірдім, Өскемен қаласындағы педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» факультетіне оқуға түстім. 1989 жылы атаулы оқу орнын бітіріп, Тарбағатай ауданы, Ласты ауылының Ленин атындағы мектебінде алғашқы еңбек жолын бастадым. Отбасы жағдайына байланысты 1990 жылы Зайсан қаласы, Жаңатұрмыс ауылының мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалім болып ауысып келдім. Жаппай қысқарту кезеңінде 1999-2000 жылдары Айнабұлақ, Шілікті орта мектептерінде еңбек жолын жалғастырдым.
2000 жылдың сәуір айынан бастап осы Зайсан қаласындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. 2008 жылы мектеп тәлімгері болып, 2010 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.
2017 жылдың 24 мамырынан бастап Ю.Гагарин атындағы орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалдым.Желтоқсан оқиғасының қайраткерімін.
Жұбайым: Аманбаев Ақылбек Қалибекұлы – Біржан ауылының тумасы, Жеке кәсіпкер. Отбасында екі балам бар. Қызым: Аманбаева Жадыра Ақылбекқызы- Шығыс Қазақстан облысы бойынша Республикалық Денсаулық сақтау электронды орталығында «сараптаушы- дәрігер» болып жұмыс істейді. Ұлым- Қалибеков Жігер Ақылбекұлы- мамандығы «құқықтанушы», бүгінгі күні жұмыссыз .
- «Ой-хой, дүние, дәурен-ай» атты аудандық І фестиваль, ІІ фестиваль «Бас жүлде»
- Аудандық «Ізігілік өмір нәрі» фестивалі жүлдегері.
- Аудандық «А.С.Пушкин оқулары»
- ШҚО БАИ Аймақтық педагогикалық оқу
- «Жастар шығармашылығы -2016» І орын.
- «Ұлы дала» Халықаралық фестивалі 3 орын 2019 жылы
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында мектептің инновациялық дамуын басқару 2017 жыл
- Сертификат участника семинара "Развитие Критического Мышления через Чтение и письмо" 2017-2018 уч год
- Похвальная грамота ученика за участие и показ своих знаний и общей эрудиции в ХІХ турнире имен М.В.Ломоносова
- Халықаралық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын және компьютерлік сауаттылық курсы
- "Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәндердің оқытудың теориясы және әдістемелік аспектілері" семинар-тренинг . 2019 ж
- Аудандық пән олимпиадасынан орыс тілі мен әдебиеті пәні 2019-2020 оқу жылында оқушысы ІІІ орын иеленді.
- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы бойынша қашықтық оқуды игергені үшін СЕРТИФИКАТ 2020 ж
- Орыс тіліпәні бойынша І Республикалық онлайн олимпиадасының І дәрежелі Дипломы 2020 жыл
- ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында орыс тілі пәнінен өткізген Республикалық оқушылар олимпиадасында оқушысы қатысып Сертификат және ІІ дәрежлі Диплом алды.
- Развитие профессиональных компетенций учителя русского языка и литературы . Сертификат 2020 жыл
- НИШ "Учусь учить дистанционно" курсы 2020
- Елбасының "Болашаққа бағдарРухани жаңғыру" бағдарламасының "ШҚО Қазақстан халқының мәдени мұрасы" жобасы аясында өткен "Бабабалр мұрасы" қазақ ауыз әдебиетінің облыстық фестиваліне қатысқаны үшін Алғыс хат. 2018 жыл
- "Табысты менеджер -2019 " аудандық кезеңі 2 орын 2019 жыл
- Аудан әкімінің алғыс Хаты, 2020 жыл
- Аудандық білім бөлімінің "Білікті маман -2021 жыл" онлайн сайысының Алғыс хаты.
- Аудан әкімінің «Алғыс хаты» 2016,2017,2018,2019,2020жылдар .
- «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» төс белгісі 2016 жылы.
- «Ел ардақтысы» Медалі 2017 жылы
- "Нұротан партиясы ШҚО филиалының төрағасының бірінші орыбасары О.Чугунковтың Алғыс хаты, 2021 жыл
- ШҚО Білім басқармасының Құрмет Грамотасы 2021 жыл
- "Нұротан партиясы ШҚО филиалының төрағасы Д.Ахметовтен "Primaries-2020" Алғыс хаты.
- Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ректорынан Алғыс хат 2020жыл, 2021
- Республикалық "НұрОтан" партиясының Алғыс хаты, 2021 жыл
- Аудан әкімінің Алғыс хаты, 2021 жыл
- Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ректорынан Алғыс хат 2022 және Төсбелгі
- "Мерейлі отбасы " аудандық сайыс жеңімпазы 2022 жыл