Құқық бұзушылық туралы ақпарат » КГУ 'Средняя школа имени Гагарина'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Ю.Гагарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылық туралы ақпарат
29
ноябрь
2023

Құқық бұзушылық туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан обылысы білім бөлімінің Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі»КММ

Құқық   бұзушылықтың  алдын  алу 

   ДТІЖО Ш.Қ.Дауылбаева және  мектеп психологы А.А.Қабашова 9-11 сыныптар арасында  «Жасөспірімдер арасында қылмыстық істің алдын алу» мақсатында   профилактикалық әңгіме жүргізді. Құқық – адамдардың тәртібін, қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізілген шаралар:

  • тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
  • оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
  • оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру.

Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады. Қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатысуы керек. Адамның жалпы мәдениетімен оның құқықтың мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Осыған байланысты мектеп директоры Г.М.Аманбаева оқушылардың өзін-өзі ұстауы, мектеп формасын сақтауы, ата-аналардың мектеп ауласындағы өзін-өзі ұстауындағы олқылықтары туралы мәселелерге ата-аналар жиналысында толықтай тоқталды. Сынып жетекшілеріде өз ойларымен бөлісті. 

«Түнгі қала» рейдтің қорытынды жасасақ  үш  қолайсыз жанұя бар. Оларды үнемі   бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ ол жанұядағы балалар ешқандай түнгі клуб компьютерный салондарға, ойын сауық орталарына, түнгі дүкендерге, көңіл көтеру орталықтарына тартылмаған.  

 Қазіргі кезде мектепішілік есепте 3 оқушы тұр.